ЖҮРГІНШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында «Шымкент-Ташкент-Термез» күре жол бойынан үш бірдей жер үсті көпірі пайдалануға берілді. Бұл — жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін маңызды нысандар. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Игі істі қолға алған мердігер компания «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС жұмысты уақытынан бұрын аяқтап отыр. Жұмысты бір жыл ішінде сапалы әрі тиянақты етіп орындағаны үшін мердігер компания өкілдеріне Қазығұрт ауданы әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындары атынан алғысын білдірді. Жалпы үш көпірдің құрылысына республикалық бюджеттен 906.3 млн. теңге қаржы қаралған. Енді ауданның бірнеше ауылының тұрғындары күре жолдан қауіпсіз жағдайда жаяу өте алады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған