ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІН САҚТАҢЫЗ!

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар қызметкерлері және №7 өрт сөндіру бөлімінің мамандары тұрғын үйлерді аралауды жалғастыруда. Бұл шаралар жылыту маусымында өрттердің және көмірқышқыл газынан уланудың алдын алуға бағытталған.

Акция барысында брифингтер өткізіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарымен кездесіп үгіт-насихат жүргізілді.

Тағы бір рет еске саламыз:

– пештер белгіленген нормалармен жанғыш конструкциялардан өртке қарсы кесінділер (шегінулер) болуы керек, сондай-ақ күйіп кетпейтін және зақымдалмаған, өлшемі кемінде 0,5 х 0,7 метр пештің шоқ түсетін жерінде темір, қаңылтыр қағылу қажет.

– Үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы басталарға дейін мұржалар мен пештерді күйеден тазарту қажет.

– Түтін мұржалары қызыл кірпіштен жасалған, ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған болуы керек.

– Шатырларда үй арналары өтетін барлық үй құбырлары мен қабырғалары әктелуі керек.

Құрметті қала, аудан тұрғындары, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар өздеріңізді, жақындарыңызды және мүліктеріңізді сақтаңыздар.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған