РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНДА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ЖҮГІРДІ

Балалар жылы және Кентау шаһарының қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жарысқа елімізге танымал спортшылар келіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен артықшылығын түсіндірді.

Іс-шараға екі мыңға жуық жас спортшы қатысты. 8 – 10 жас аралығындағы балалар 500 метрге, 11-13 жастағылар 1000 метрге, 14-16 жастағы жасөспірімдер 2000 метрге жүгірді.

Сонымен қатар №35 Өрт сөндіру бекетінің бастығы а.қ аға лейтенанты Б.Нұрсейітов және сол бекеттің ұжымы бірлесіп, 8 бен 16 жас арасындағы балаларын Кентау қаласында өткен «Kentau kids marathon 2022» республикалық балалар марафонына қатысуына атсалысты.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған