БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2022 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша қорытынды жедел кеңес өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістан облысы ТЖ Департаменті мен оның бөлімшелерінің 2022 жылғы жедел-қызметтік іс-әрекетінің қорытындысы бойынша ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрғали Жүнісовтің төрағалығымен жедел кеңес өтті.
Бағдарламаға сәйкес “Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының” Заңына сәйкес негізгі бағыттарының нәтижелері бойынша баяндама жасалды. Өз баяндамаларында олар жетекшілік ететін бағыттар бойынша қызметі туралы есеп берді.

Сонымен қатар, департамент бастығы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық қорғау қызметкерлерін кезекті арнаулы және алғашқы арнаулы атағымен, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының дамуына үлестерін қосқаны үшін бұқаралық ақпарат өкілдерін министрдің алғыс хатымен марапаттады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған