БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті. Оған қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев пен мәслихат депутаттары және қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Сессияда күн тәртібінде тұрған төрт мәселе қаралды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін комиссия отырысында кеңінен талқыланған барлық мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Сессия барысында сөз алған қала басшысы алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және халықтың әл ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған