БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ – ТҰРАҚТЫ ТАБЫС КӨЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ КЕДЕЙЛІКТІ АЗАЙТУ

«Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» – Қазақстан Үкіметі қабылдаған кешенді әлеуметтік-экономикалық құжат. Ол халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, тұрақты табыс көздерін қалыптастыру және кедейлікті азайту мақсатында жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні кедейшілік пен жұмыссыздықтың нақты деңгейінің мәселелері бойынша мынадай жағдай байқалуда.

  1. 2022 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (кедейлік деңгейі) халықтың үлесі 5,3% құрады.

Бұл ретте 13 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.) 2019 жылдан бастап күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халық үлесінің өсуі байқалады.

Осылай, 9 өңірде (Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы қ. және Шымкент қ.) көрсеткіш орташа республикалық деңгейден жоғары (5,2% және одан жоғары).

  1. ЖІӨ құрылымында басқа елдермен (Ресейде 39,8%; АҚШ-та 53%; ЕО-да 47,0%) салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте жұмысшылар еңбекақысының төмен үлесі байқалуда – 30,1%.

Бұл еңбекақы төлеудегі сәйкессіздіктерге, жасырын жұмыссыздықтың болуына және соның салдарынан жұмыс істейтін кедейлер санының өсуіне байланысты (Қазақстан – 32,7%, Әзірбайжан – 39,7%, Ресей – 30,7%, Греция – 13,4%) байланысты проблемалардың болуына негізделген.

  1. Халық табысының ағымдағы жай-күйінің келеңсіз үрдісі байқалуда. Номиналды табыстың 2010 жылғы 39,2 мың теңгеден 2022 жылғы 3-тоқсандағы 152,5 мың. теңгеге дейінгі оң серпініне қарамастан, халықтың нақты табысының өсу қарқыны төмендеп барады (2019 жылы 6,4%, 2020 жылы 4,3%, 2021 жылы 4,1%, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3,5%). Бұл экономикалық өсудің баяулауына (2020 жылы – -2,5%, 2021 жылы 4,3%, 2022 жылдың 11 айында 2,7%) және 2023 жылы сақталатын жоғары инфляциялық қысымға (2020 жылы 7,5%, 2021 жылы 8,4%, 2022 жылдың желтоқсанында 20,3%) байланысты. Бұл ретте 2022 жылғы желтоқсандағы азық-түлік инфляциясы 25,3%-ды құрағанын және халықтың төлем қабілеттілігіне айтарлықтай әсер ететінін ерекше атап өткен жөн.
  2. Өңірлер арасында ЖӨӨ бойынша алшақтық сақталып отыр. Мысалы, егер ЖӨӨ деңгейі бойынша 2010 жылы Алматы қаласы Солтүстік Қазақстан облысынан 8,7 есе көп болса, 2022 жылы алшақтық 10 есе мөлшерде болды.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша өңірлік теңсіздіктегі алшақтық одан да жоғары. Мысалға, айталық, Атырау облысында бұл көрсеткіш 2022 жылы Түркістан облысы бойынша көрсеткіштен 17 есеге көп болды.

  1. Нақты табыстың тұрақты оң серпініне қарамастан (2015-2016 жж.қоспағанда), тоғыз өңірде (Түркістан, Қостанай, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл облыстары және Шымкент қ.) еңбек табысының төмен болу проблемасы байқалады, соның салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтудың үлесі жоғары.

Бұған қоса, еңбек табысы салыстырмалы түрде жоғары екеніне қарамастан, төрт өңірде (Атырау, Маңғыстау, Астана қ., Алматы қ.) нақты табыстың өсуінің тұрақсыздығы проблемасы байқалады. Қалған төрт өңірде (Қарағанды, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қызылорда) нақты табыстың тұрақты өспеуі, еңбек табысының төмен болуы, өзін-өзі жұмыспен қамтудың жоғары болуы және халықтың кетуі проблемасы байқалады.

Қала мен ауыл тұрғындарының табыс құрылымындағы басты айырмашылық – еңбек қызметінің сипатында. Қала халқының табысы 65,6% жалдау жұмысынан түскен табыстардан және 7,4% жалдамалы емес жұмыстан (яғни, өз бетінше жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардан) түскен табыстардан құралады. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі 60,8% жалдамалы жұмыстан түсетін табыстан және 13,7% жалдамалы емес жұмыстан түскен табыстан тұрады (2022 жылғы 3 тоқсан бойынша деректер). Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс үлесі салмағының неғұрлым жоғары болуы қала тұрғындарына қарағанда, ауылдық жерлерге тән.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды