ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУ МАҚСАТЫНДА ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

Тұрбат ауыл округінде жастарды кәсіпкерлікке баулу, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға қолдау көрсету және еңбекке деген қызығушылығын арттыру мақсатында жергілікті кәсіпкер, ИП «БАХОДИР» кәсіпорнының иесі Собитов Жахонгир Баходировичтің өндіріс орнына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында жастар кәсіпорынның өндірістік жұмысымен танысып, құрылыс саласына қажетті шикізаттар мен құрылыс материалдарының дайындалу үдерісін өз көздерімен көрді. Кәсіп иесі өндірістің даму жолы, атқарылып жатқан жұмыстар және болашақ жоспарлары туралы кеңінен ақпарат берді.

Бүгінде ИП «БАХОДИР» кәсіпорны аудан көлемінде құрылыс материалдарын өндірумен айналысып, тұрғындар мен құрылыс нысандарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді.

Кәсіпорында:

— 40-тан астам түрлі брусчатка;

— термопанельдер;

— терезеге арналған жақтаулар;

— үйдің сыртқы қабырғасына арналған бояулар;

— құрылысқа қажетті пеноплекс өнімдері өндіріледі.

Кездесу барысында Жахонгир Баходирович әрбір кәсіптің өзіндік қиындықтары мен жауапкершілігі болатынын атап өтіп, табысқа жетудің басты жолы – адал еңбек пен табандылық екенін жеткізді. Сондай-ақ кәсіп үйренуге, тәжірибе жинақтауға ниетті жастарға кәсіпорынның есігі әрдайым ашық екенін айтып, оларды еңбекқорлыққа, кәсіпкерлікке және жаңа мүмкіндіктерді игеруге шақырды.

Осындай тағылымды кездесулер жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандығын саналы таңдауға және еңбекке деген көзқарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды