ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 12 ӨНЕР ҰЖЫМЫНА «ХАЛЫҚТЫҚ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Түркістанда облыстық Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитетінің Репетуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы Рига Онаева қатысты.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 12 ӨНЕР ҰЖЫМЫНА «ХАЛЫҚТЫҚ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Комиссия отырысында оңтүстік өңірінен өтінім берген 12 ұжымның барлығы «Халықтық» атағын алды. Олар: мақтааралдық «Ақ алтын» ұлт-аспаптар ансамблі, жетісайлық «Хор» ұжымы мен «Аяна» би тобы, келестік «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры. Сонымен қатар, сайрамдық “Ибрагимовтер” жанұялық ансамблі және «Самұрық» би ұжымы, ордабасылық «Асыл әжелер» ансамблі, отырарлық «Шәміл-Дүр» би ұжымы, шардаралық «Ақмаржан» және сарыағаштық «Еркетай» би тобы, түлкібастық «Арша» квартеті және Түркістан қаласынан «Бисұлтан» би ұжымы арнайы атақты алды.
Бүгінде облыста жалпы 60 халықтық өнер ұжымы бар. Сондай-ақ, мұндай атақ —ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру және шығармашылық қызметті жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету мақсатында беріледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған