ТҮРКІСТАН: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның 2023 жылда атқарған жұмысы сараланды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс тобы дайындаған архивтік құжаттар мен материалдарының 2023 жылы баспаға шығатын жинақтары туралы да айтылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның 2023 жылғы жұмыс қорытындысымен ақтауға ұсынылатын азаматтарды республикалық мемлекеттік комиссияға ұсыну мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары комиссияға маңызды міндет жүктелгеніне тоқталды.

ТҮРКІСТАН: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


– Бүгінде комиссияның 2024 жылы атқаруы тиіс міндеттерін іске асыру, атап айтқанда, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне архивтік іссапарлар және шет елдердегі архивтік құжаттарының көшірмелерін алуға қаражат бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Екі жыл ішінде өңірлік комиссия мен жұмысшы топ жасаған зерттеулер нәтижесінде 6 құжаттар мен мақалалар жинағы, 1 ақтауға ұсынылатындардың тізімі, 1 монография баспаға шығарылды. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 33 томдық материалдар жинағы. ХХ ғасырдың 20-50 жылдары» атты жинақтың 3 томында Түркістан облысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған материалдар орналастырылған. Бұл еңбек – жұмысшы топ мүшелерінің тек елімізде ғана емес, шет елдердегі архивтерден талай жылдар бойы шаң басып жатқан материалдарды талдау, сараптау, зерттеу жұмыстарынының нәтижесі. Қазақ елінде болған революциялық дағдарыс кезінде жапа шеккен, кезінде ел жауы болып танылған кінәсіз талай боздақтардың тағдыры осы еңбектердің түбінде жатыр десек те болады. Атқарылған жұмыстар көп, дегенмен, алдымызға қойып отырған мақсаттар да аз емес. Әлі де талай зерттелмеген деректер, дәлелденбеген фактілер бар. Комиссияның баспа қызметінің жоспарына сәйкес, биыл тағы 8 өңірлік жинақ шығару жоспарланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Бейсен Тәжібаев.

Мәжілісте Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері, ғалымдар мен зерттеушілер өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Хәзіретәлі Тұрсұн, өңірлік комиссия мүшелері Гүлнара Шардарбекова, Камшат Тасыбекова мен Сержан Оразбайдың пікірлері тыңдалды. «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшыcының орынбасары Камшат Тасыбекова да жұмыс барысы туралы ойын ортаға салды. Ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізіледі.
Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия 2021 жылғы
14 қаңтарда құрылып, жұмысына өңіріміздің 25-тен астам тарихшы ғалымдары, доценттер, phd докторлар, сарапшылар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры, архив саласының қызметкерлері және т.б. азаматтар тартылған. Сәйкесінше, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған