ТҮРКІСТАНДА «ART TURKISTAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Осыған орай, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен және Облыстық мәдениет және туризм басқармасы, облыстық бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық дәрежедегі Қазақстан бейнелеу өнері майталмандарының «Түркістан – түркілердің тұмары» атты симпозиумы басталды.

ТҮРКІСТАНДА «ART TURKISTAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

Симпозиумға 12 суретші қатысып, Түркістан тарихынан сыр шертетін 12 көлемді шығарма жазып, ізденіс жұмыстарын музей қорына тапсырады.

Симпозиум киелі Түркістанды өнер тілімен насихаттау, әлемге Түркі әлемінің рухани астанасы деп ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, фестиваль аясында Халықаралық дәрежедегі ТМД елдерінен шақырылған өнертанушы-сарапшылар салынған туындыларға анықтамалық сараптама жұмыстарын жүргізеді.

Фестиваль «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында 27 маусым күні Қазақстан бейнелеу өнері музейлерінің және облыс музейлері басшылары мен қызметкерлері қатысатын ғылыми конференцияға ұласып, фестиваль жұмысын қорытындылайтын ауқымды көрмемен аяқталмақ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған