САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Өрттің қауіпті кезеңі басталар алдында дала және орман өрттерінің алдын алуға, мемлекеттік орман қоры жерлеріне табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында 20.06.2023 жылы №2 МӨСБ, «Кемербастау», «Балықты» маусымдық өрт сөндіру бекеттері, «Ақсу жабағлы» мемлекеттік табиғи қорығы, «Сайрам Өгем» Ұлттық табиғи паркі, кент, ауыл округі әкімдіктерінің дала өрттеріне қатысатын күш құралдары, техникалары, ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындықтары пысықталды.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

​Іс-шараға ауданның №2 МӨСБ, «Кемербастау», «Балықты» маусымдық өрт сөндіру бекеттері,орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың ерікті өртке қарсы құрылымдарының күштері мен құралдары қатысты.
Аталған ауқымды шара кезінде орман дала өрттерін сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың өзара іс-әрекеттері пысықталды. ​
Жалпы дайындыққа келтіру саптық байқауға 220 жеке құрам, 50 түрлі техника қатыстырылды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған