ӨЗІҢІЗ БЕН ЖАҚЫН АДАМЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІН САҚТАҢЫЗ!

Жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары жұмысшы топпен рейдттік түсіндірме жұмыстары Түлкібас ауданы, Түлкібас кентінде жүргізілді.

Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 14 қыркүйек күні Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес Аудандық Төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы М. Жанесеннің «2022 жылғы жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау туралы» 12.08.2022 жылғы № 9 Хаттамалық тапсырманың орындау мақсатында, жұмысшы тобымен Түлкібас кенті, Түлкібас теміржол станциясы, сауда орындары, Даулет, Береке базары қызметкерлеріне, Өзбеков көшесі көп қабатты тұрғын үй тұрғындарына, К. Байсеріков көшесі тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары М. Жанесен, Түлкібас ауданының ТЖБ бастығы Б. Азимбаев, ТЖБ қызметкері-3, №2 МӨСБ-20, Аудандық полиция бөлімі ЖПҚ-12, КазТрансАймақ АҚ Түлкібас бөлімшесі-8, “Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-8, Тұрғын үй коммуналдық шарушылығы-6, Кент әкімдігі-4, Жастар ресурстық орталығы КММ еріктілер-16, Ішкі саясат бөлімі-1, жалпы 88 қызметкерлер тартылды.

Өзбеков көшесі №4, 6 көп қабатты тұрғын үй секторларында 16 тұрғын үйлердің иелерімен жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 300 үй араланып, 1350 тұрғынға қаупсіздік шаралары түсіндірілді. 800 дана ескертпе парақшалары таратылды.

Мамандармен тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындардың пәтерлеріндегі кемшіліктер: мұржалардың тазаланбауы, электр жүйелерінің ақауы, газ плиталарының ақаулары мамандармен ретке келтірілді.

Тұрғындарға №2 МӨСБ-нің негізгі автокөлігі, Аудандық полиция бөлімі, газ шаруашылығы арнайы көліктері мен Теміржол стансасы мен мәдениет үйі дауыс зорайтқыш құрылғысы арқылы өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау ережелері хабарландырылды. Түлкібас кенті бойынша орналасқан 2 автокөлікке газ құю бекеттері қызметкерлеріне қауіпсіздік шаралары нұсқаулығы түсіндіріліп, газ шаруашылығы, энергетик мамандармен көмек көрсетілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған