ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАПЕРІҢІЗДЕ ЖҮРСІН!

Ордабасы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге Жедел құтқару жасағының қызметкерлері «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газбен уланудың алдын алу» тақырыптарында М.Исламқұлов ЖОМ-не қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мектеп мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және мектеп ғимаратының ішіндегі өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы айтып, арнайы дайындалған жадынамалар таратты.

Сондай-ақ:

– Жеке меншіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында және кейін 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту;

– Шатыр асты бөлмелердегі барлық түтін жолдары мен құбырларын жүйелі түрде тексеріп отыру қажеттігін;

– Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайтынын;

– Жылыту пешінің жанында ағаштарды, жанғыш заттарды, тез жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, жағылған пештерді, керосин шамдарын, керогаздарды қараусыз қалдыруға және пештің жағылуын балаларға қарауды тапсыруға болмайтынын ескертіп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған