ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи төтенше жағдайлар – адам өмірі мен мүлкіне қауіп төндірмейтін экстремалды ауа райылық, гидрологиялық, геологиялық, геофизикалық немесе астрономиялық процесс. Мысалы 2012 жылы Жапонияда болған жер сілкінісі (М=8,1) күші және жер бетіне әсері жағынан ең күшті жер сілкіністерінің бірі болып саналады, оны табиғи апат емес табиғи құбылыс деп санау керек. Себебі оның әсерінен болған материалдық шығын аса үлкен болған жоқ.

Қауіп – сирек немесе экстремалды жағдай табиғи ортада туындайтын өмірге, мүлікке және адам жұмысына кері әсерін тигізуі, тіпті апатқа әкелуі мүмкін. Табиғи қауіп ұғымында көбіне табиғи немесе жасанды түрі, адамдарға, шаруашылықтарға, жекеменшік немесе қоршаған ортаға төнетін түрлері анықталады.

Апат – бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – табиғи апаттар (жер сілкінісі, сел, тастың құлауы, су тасқыны), өрт, эпидемия, ауыл шаруашылық және орман өсімдіктерінің зиянкестермен және ауруларды жұқтыруы.

Төтенше жағдайда басқару – бұл негізгі саясат апаттың әртүрлі деңгейлерінде әкімшілік шешім және оперативті іс-әрекет.

Төтенше жағдайлар туралы хабарлау – дер кезінде және қауіп деңгейін төмендету үшін төтенше жағдайда адам денсаулығы мен өмірін сақтау, материалдық зардаптарды төмендету. Осылайша төтенше жағдайды хабарлау кең түрде болып халықаралық митигация сияқты терминдерге қарама – қарсы келмейді.

Митигация – апат болғанға дейінгі дайындық және ұзақ мерзімдегі қауіпті азайту әрекеттерін қосқандағы барлық іс-әрекет жатады.

Ескерту  үнемі қауіптен қорғау мақсатындағы инженерлік және басқада қорғаныс тәсілі сонымен қатар қала салудағы жерді қолдануды жоспарлауды бақылайтын заңнамалық іс-шара.

Дайындық  апат кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерінің және қорларының сәйкес жүйелерінің болуы және сонымен қатар өз күштерімен көмек ұйымдастыра білуі. Дайындық мағынасында сонымен қатар қаза табушылардың және қираудың санын азайту, уақытша баспана табу және дәл уақытында нәтижелі құтқару.

Төтенше жағдайларды жою – құтқару, авариялық қалпына келтіру және де басқа да төтенше жағдай кезінде адам өмірін және денсаулығын құтқаруға, зардап және материалдық шығын және төтенше жағдай аймақтарын жоюға бағытталған жүргізілетін жұмыстар. Көрсетілген ұғымды сонымен қатар «қалпына келтіру», «іс-әрекет» сияқты халықаралық ұйымдарда кең пайдаланылатын терминдер сияқты кең ұғымда түсіну керек. 

Қалпына келтіру – апаттанкейінгі өмір сүру жағдайын апатқа дейінгі жағдайға дейін қалпына келтіруге бағытталған іс-әрекет. Бұл іс-әрекеттерге тұрғын үй салу, барлық қызмет түрлерін, инфраструктураларды қалпына келтіру кіреді.

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Тіршілік қауіпсіздік негіздерін (ары қарай – ТҚН) басқару органдары – Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы органдары, бейбіт және соғыс уақытында халықты, жеке меншік ұйымдарда өткізілетін шаралар жиынын ұйымдастыру және басқару.

Қауіпсіздік ережесі – адамның қоршаған ортамен қолайлы және қауіпсіз қарым-қатынасы туралы ілім.

Дүлей зілзала – адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болып материалдық шығын, адам денсаулығына қауіп төндірумен және адам өлімімен сипатталады.

Эвакуациялық органдар – халықты, материалдық құндылықтарды, тіршілікті қамтамасыз ететін өндіріс орындарын қауіпсіз аймаққа шығаруға арналған орталық және жергілікті атқару органдары құрған эвакуациялық және қабылдау комиссиялары.

ТҚН органдары күші – әскери бөлімдер, территориялық және объективті ұйымдар, ТҚН органдары ұйымы және төтенше жағдайда құтқару топтары.

ТҚН органдарын ұйымдастыру – территориялды және объективті ұйымдар, облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда ТҚН және ТЖ қызметтерін ұйымдастыру.

ТҚН және ТЖ қызмет органдары – республикалық, облыстық, аудандық және қалалық ТҚН және ТЖ қызмет органдары, Қазақстан Республикасының Өкіметі, әкімдермен, орталық және жергілікті атқарушы органдарының және ұйымдардың жетекшілерінің шешімімен ұйымдастырылады.

Құтқарушы отряд – аса қауіпті және жетуге қиын аймақтардағы іздеу және құтқару жұмыстарын атқаратын республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар.

Дабыл «Барлығының назарына» – азаматтық қорғаныстың жалпы дабылы, сирена немесе басқа да дабыл құралдары арқылы беріледі. Ол дабыл бойынша тұрғындар теледидарларын, радиоларын және басқа да ақпарат құралдарын қосып айтылған ақпаратты тыңдауға және ереже бойынша орындауға міндетті.

Қорғаныс ғимараттары фонды – өндірістегі және жалпы халықты қазіргі заманғы қауіптен және төтенше жағдайдағы табиғи және техногенді қауіптерден қорғауға арналған барлық инженерлік нысандарының жиынтығы.

Шаруашылық нысандары – өндірістік, ауыл шаруашылық өндірісінде және т.б. қоғам өмірінде қолданылатын ғимараттар, нысандар және басқа да нысандар.

Авария – материалдық құндылықтардың зақымдалуына және жойылуына алып келетін өндірістік кәсіпорындарда, көліктерде және басқада объектілерде жұмыстың кездейсоқта тоқтатылуы немесе өндірістік технология процесінің бұзылуы.

Апат – қайғылы жағдайға алып келетін кездейсоқ зілзала. Апат жағдайларында ғимараттың және әртүрлі құрылғылармен құрылыстардың қирауы, материалдық құндылықтардың жойылуы және адам шығындары болады.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қандайда бір төтенше жағдай орын алғанда 112 нөміріне (төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің  телефон нөмірі) хабарласу қажеттігін еске салады.

 MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған