СУДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Түркістан облысында судағы қауіпсіздік талаптары бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Аудандағы Төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі жолында тынымсыз еңбек етуде.

Қазығұрт ауданында да суға шомылуға тыйым салынған су айдындарында рейдтік іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп келеді. Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, №13 өрт сөндіру бөлімі және Қазығұрт аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді. Судағы қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылып, тәртіпке бағынбаған құқықбұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ Мақтаарал ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тарапынан аудандық Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Тыйым салынған орындарға шомылған балалар ата-аналарына табысталып, орын алып жатқан қайғылы жағдайлар бойынша ақпарат беріліп, жадынамалар таратылды.
Сайрам ауданы аумағында да рейдтік іс-шаралар жалғасын табуда. Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен №6 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері және еріктілерді тарта отырып, Арыс және Ақсу өзендерінде шомылып жүрген тұрғындарға «Судағы қауіпсіздік» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған