ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫНДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БАР?

Бүгін Президент Жарлығымен Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. «Mixnews.kz» ақпараттық агенттігі жаңадан тағайындалған және өз орнында қалған министрлердің толық құрамын назарларыңызға ұсынады.

Үкіметтің жаңа құрамы мынадай:

Асқар Ұзақбайұлы Мамин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі;

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Күләш Ноғатайқызы Шамшидинова – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған