МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҒЫҢДЫ ТАҢДАУ

Міне, тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетті. Қаншама бітіруші түлектер елімізде жаңа арман, жаңа мақсат, жаңа белеске қадам басқалы тұр. Бітірушілердің жүректері лүпілдеп арман қуып шар тарапқа атанады. Әр бір мектеп бітіруші түлек үшін мамандық таңдауда қателеспей жанына жақын, биігін бағындыра алатын мамандыққа барғысы келеді. Мен де болашақ бітіруші түлек ретінде мамандық таңдаудың қаншалықты жауапкершілігі жоғары екенін ұқтым.

Осы орайда өзімді толғандырған сұрақ бойынша іздене отырып байқағаным қазіргі қоғам, қазіргі біз өмір сүріп жатқан уақыт   20-30 жыл бұрынғы уақытпен салыстыруға келмейді екен. Себебі, қазір ақпараттық технологиялар заманы, білім мен ғылымның қарыштап көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан кезең. Сол үдеріспен бірге жаңа мамандықтар, жаңа бір бастамалар, өзгеше бір мамандықтар легі пайда болғаны рас. Бұрынғы мұғалім, дәрігер, мәдениет қызметкері т. б. мамандықтардан өзге қызмет көрсету саласын меңгеруге көбірек фокус қою керек, яғни ден қою керек екенін түсіндім. Қазір тіл білу жоғары маңызға ие екен, бірнеше тіл біле отырып өзге де мамандықтарға жол ашылатынын ұқтым.

Бүгінгі кезең бір ғана жұмысты, не бір ғана мамандықты игеріп он бес-жиырма жылдап сол мамандықпен жұмыс істейтін кезең емес екені тағы бар. Қазір бір адам бірнеше маман иесі, немесе бірнеше қызмет көрсету саласының түрлерін меңгеруге болады екен. Яғни, әлеуметтік желілердің пайда болуы, түрлі  ғаламтордағы өзгерістерге қарап бір мамандықты игере отырып сол саланы дамытып, ары қарай тереңірек білуге мүмкіндіктер көп екеніне көзім жетті. Қазір мектепте мұғалім бола жүріп, біліміңді жетілдіре отырып қашықтықтан өзгелермен өз біліміңді бөлісуге болады. Осы арқылы да мамандығыңның екінші қырын ашуыңа жол бар. Міне мұндай мысалдарды көптеп жазуға болады. Сондықтан мамандықты игеруге адам алдын ала дайындалып, өзі жақсы көретін өзі ұнататын салаға баруы керек. Сонда сол саланың қыр сырын жоғары деңгейде игеруге мүмкіндігі болады әрі сол  сала арқылы қосымша табыстар табу көздерін анықтауға болады.

Мамандық таңдау – өміріміздің мәні және таңдаулардың ішіндегі ең қымбаттысы. Халқымыз»Екі нәрседен қателеспе: бірі-мамандық екін – жар таңдаудан» дейді.Таңдалған мамандығымыз арқылы өз ортамызбен өміріміздің мәнін құраймыз. Қазіргі уақытта мамандықтың түрі көп,бірақ сол мамандықтар ішінен өзімізге ұнайтын,жан мен жүрек қалауымызды таңдаған дұрыс.Егер мамандық таңдаудан қиналып жүрсеңіз: ұстаздардан, психологтардан және мамандық таңдауға көмектесетін адамдардан кеңес сұраған жөн.Көп адам мамандықты дұрыс таңдамағанның кесірінен дені дұрыс жұмыс таба алмай, болмаса мамандығы бойынша қызмет ете алмайды. Егер сіз мамандығыңыз арқылы жетістікке жеткіңіз келсе: алдымен мамандыққа деген махаббат керек, махаббат пен тамсанып жұмыс жасайтын болсаңыз міндетті түрде нәтижесін көресіз.

Бітіруші сыныпқа аяқ басуға алда екі жыл ғана қалғанын ескеріп мен мамандық таңдауды зерттей отырып ең алдымен ішкі түйсікке мән беру керек екенін түсіндім. Ішкі жан сарайың қалап тұрған саланы меңгеру де, және сол салада жұмыс істеу әрі тиімді әрі оңай әрі жүйкеңе көп салмақ түспейді екен. Адам жұмысына еріксізден амалдың жоқтығынан баратын болса онда ол жұмыстың өнімділігі де,  сапасы да төмен болды. Бұл адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Сондықтан, мен замандастарыма мамандық таңбау болашағыңды таңдау екенін ескеріп ішкі жан дүниеңдегі қызығушылығыңа баса назар аударуды үйрен дер едім. Бұл кеңесім болашақта өкінбеу үшін, босқа уақытты жоғалтпау үшін  маңызды.

Сәттілік серігіміз болсын деген жақсы тілекпен мақаланы түйіндегім келіп тұр

Бабаханова Дамира 9 «А» сынып оқушысы,

Жетекшісі: ДибиловаСауле Сафарбаевна,

 №10 Асыл мұра ЖОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі пәні мұғалімі,

Түркістан облысы, Мақтарал ауданы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған