АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

Түркістан облысы Полиция департаменті Бәйдібек АПБ қызметкерлері «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Бұл туралы ТО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шара аудандағы бірқатар білім ордаларының алдында оқушылардың қатысуымен өтті. Атап айтар болсақ, Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің, С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының тағы да басқа аудан мектептерінің алдында оқушыларға, жасөспірімдерге жол бойында арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Іс-шара барысында оқушыларға, жасөспірімдерге жол белгілерін ажырата білу, жаяу жүргінші жолағынан өткенде абай болу керектігі түсіндірілді. Полицейлер балалармен бірге жолдан өтіп, көлік пен бағдаршамның, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екенін айтып ұғындырды.

Жол көлік оқиғасы көп жағдайда балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе музыканы бар дауысына шығарып, құлаққапта жүріп көліктердің дыбысына мән бермегенінен орын алып жатады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған