ҰЙЫҚТАП ҚАЛҒАН ТРАМП ЖҰЛДЫЗҒА АЙНАЛДЫ

Ғаламторда жылдам тарап кеткен Д. Трамптың ұйқыдағы суреті көпшілікке ұнаған сыңайлы. Келушілер қошемет білдіріп шапалақ ұрған сәтте де селт етпеген ұйқыдағы батырға пікір білдірушілер «қарсылық көрсету қозғалысының нағыз қаһарманы» деп атап кетіпті.

Біздің жазып отырғанымыз АҚШ президенті Дональд Трамп емес, мектеп оқушысы – Джошуа Трамп. Президентпен аттас болғаны үшін сыныптастарының мазағына жиі ұшырайтын ол бүгінде жұлдызға айналды.

Он бір жастағы Джошуаның мектептегі жағдайы мәз емес екен. Қатарластары үнемі мазақтайтын бергендіктен балақай өзінің тегін жек көріп те кетіпті. Бұл жағдайдан хабардар болған АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп жанашыр жан екенін көрсеткісі келген болар, баланы ел басшысының есеп беруіне шақырыпты. Тіпті, жанынан орын тауып берген екен. Ал Президент Дональд Трамп сөзінің соңына таяп, елдегі жағдай жайында баяндама жасап тұрған сәтте қонақ қалың ұйқыға бас қойған. Мұндай сәтті қалт жібермейтін фотографтар ұйқыдағы балақайды суретке түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберіпті. Баланың бейнесі аз уақытта әлеуметтік желіде ең көп пікір жазылған суреттің біріне айналған.

Айта кетейік, Конгреске қонақ шақыруды Трамптың өзі де дәстүрге айналдырып алған. Осы жылдың өзінде 13 адам президенттің шақыруы бойынша қонақ болып үлгерген екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған