ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – САУДА ҚАТЫНАСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУ

Экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде 2023 жылы «QazTrade» АҚ 10 елде сауда-экономикалық миссиялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр:

1.​ Өзбекстан (ақпан)

2.​ Вьетнам (наурыз)

3.​ Моңғолия (29-31 наурыз)

4.​ Иран (сәуір)

5.​ Тәжікстан (сәуір-мамыр)

6.​ Қытай (мамыр)

7.​ Сауд Арабиясы (мамыр)

8.​ Түркия (8-10 маусым)

9.​ Пәкістан (маусым)

10.​ Әзірбайжан (маусым). 

Іс-шаралардың негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті импорттаушылар, трейдерлер мен дистрибьюторлар арасында тікелей байланыс орнату, сауда қатынастарын жандандыру болып табылады.                                       

Осы іс-шара шеңберінде мынадай шығыстар жабылады: 

– Жабдықталған конференц-залды жалға алу; 

-Сауда миссиясы күні кофе-брейк және түскі ас ұйымдастыру;

– Қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және сауда миссиясы өткізудің ресми мерзімдерінде ғана);

– Қазақстандық қатысушылардың сауда миссиясы еліндегі трансфері.

Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/LCji6CzwGS9VjePA8

Барлық сұрақтар бойынша сіз TURKISTAN INVEST жобаларды сүйемелдеу және экспортты дамыту бөліміне жүгіне аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған