ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

Тіл оқытудың өзі үздіксіз жүріп тұратын процесс. Расында солай. Себебі, тілді оқытудың даму деңгейі, ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған осы кезеңде түрлі жаңалықтармен толығып отырғаны жасырын емес. Қазір барлығы жылдам, тез, әрі оңтайланған, үйренуге, оқуға тез ұғуға бейімделген кезең. Сондықтан үйрену мен үйретудің де өз жолдары, жаңалықтары, жаңа  әдіс-тәсілдері де дамып отыратыны жасырын емес. Міне, осы жайттардың барлығы ауқымды қарастырылған керемет бір семинар болып өтті.  Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен семинар тақырыбы «Ересектерді тіл оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер».

Тақырыбы айтып тұрғандай семинар осы саланың мамандарын бір арнаға тоғыстыра алды.  Аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілі оқытушылары, мектеп мұғалімдерінің басын түгел қосқан шара жоғары деңгейде өтті.

ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

Негізгі мақсаты – тіл мамандарының біліктілігін арттырып, заманның талабына сай ғылыми әдістемелік және  шығармашылық ізденісін жетілдіру болды. Қойылған жоспар  орындалды.  Кәсіби шеберлігімізді арттыруға тамшыдай болсын үлес қосты. Тіл жанашырына айналған мамандар тәжірибесімен бөліскенде, тәжірибені ортаға салғанда қатысушыларға кәсіби деңгейін жоғарылатуға, қажетті жерлерін өз тәжірибелеріне қосуға тамаша ақпараттар болды деп ойлаймын.

Жақсы дүние тез аяқталып қалатыны өкінішті иә. Біраз біліктілігімізді шыңдауға өз әсерін тигізген семинар да тез аяқталып қалғандай көрінді. Осы орайды менің бір ішкі жан дүниемде «семинар ары қарай жалғасса екен, айта түссе екен, мына тұсымен де бөліссе екен» деген бір әсер қалып кетті. Әуезді әнді тыңдап аяқталған сәтте тоймай қалған, тағы да тыңдауға деген көңілде ынтызарлық қалып кетеді ғой, аталмыш семинардан сондай бір күймен шыққаным жасырын емес.  Қызу пікір алмасу жүру үшін,(пікіралмасу рақметпен шектелмесе) практикалық бөлім көбірек болуы үшін семинарды1-2 күнге жоспарласа деген ұсынысым бар.  Себебі, мықты практик мамандар келді. Уақыттың тығыздығынан мықты әдістермен бөлісе алмады. Себебі регламент яғни уақыттың тапшылығы барлық мүмкіндіктерін ашып толық ашуға жетпей қалғандай. Сондықтан да, уақытты шектемей 1-2 күнге жоспарланса деген ұсынысымды қайта айта кеткім келеді.

Біліктілік арттыруымызға мүмкіндік берген ізденіске құмар ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! Қызметтеріңіз жемісті болып, абырой биігінен көрініңіздер!

Гүлшахар Өтебайқызы

Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған