ЖӘРМЕҢКЕДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ СЕБЕПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Кентау қаласы Уәлиханов көшесі бойында жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлерге аралау жұмыстары жүргізілді.

Жылыту маусымында қала аумағында өрт қауіпсіздігін күшейту және улы газдан сақтану шараларын түсіндіру мақсатында Кентау қаласы, Уәлиханов көшесі №176, 178, 180, 182, 186 көппәтерлі тұрғын үйлерге аралау жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында тұрғын үй иелеріне және көпбалалы отбасыларына (жалпы 384 адам қамтылған) жылыту маусымындағы қарапайым тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін, табиғи газға қосылу барысындағы улы газдан уланудан сақтану ережелері, кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмау, болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар ұсынылды.

Сонымен қатар Кентау қаласы, Ынтымақ алаңында әр сенбі сайын өткізілетін жәрмеңкеде (шамамен 1500 адам қамтылған) жиналған халыққа Жылыту маусымында орын алатын төтенше жағдай себептері және алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар ұсынылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған