ТАУДА ЖОҒАЛҒАН 4 АЗАМАТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Түркістан облысы ТЖ департаментінің 112 байланыс пунктіне 22 мамыр күні сағат 11:00-де Сусіңген көлінен шығып, қайта оралмаған демалушылардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Төлеби ауданы, Қасқасу ауыл округі, Керегетас ауылынан 5 шақырым жердегі Наутсай шатқалына ТО ТЖД 17 құтқарушысы, кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника және Полиция департаментінің 4 және Ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің жедел әрекет етуімен Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен 4 жоғалған адам табылды. Жоғалған азаматтардың тұманда адасқаны белгілі болды. Азаматтардың барлығы дін аман, медициналық көмекті қажет етпеді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды таулы аймақтарда бейтаныс жолмен жүрмеуге және сақ болуға шақырады!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған