СУҒА АБАЙЛАП ТҮСКЕН АБЗАЛ

Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен Шардара қаласындағы құтқару бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп Шардара қаласында орналасқан «МАЛИБУ» шомылу бассейінде жас бүлдіршіндерге суда жүзу тәсілдері үйретіліп, шомылу барысында қауіпсіздік ережелермен таныстырылды.

Сондай-ақ қызметкерлер шомылушыларды бірқатар кеңестермен таныстырды. Ең әуелі, суға абайлап түскен абзал. Жүзу білмеген жағдайда, тәуекел жасап, белден аса тереңдікке бармаған жөн. Өзіңізді қалтыратуға дейін жеткізбеңіз, суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады. Бұның өміріңізге қаупі жоғары. Осындай жағдайларда көпшіліктің назарынан тыс қалмау үшін жалғыз шомылмауға тырысыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған