АПАТАП ЫСТЫҚТАН САҚТАНЫҢЫЗ

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының басты қағидасы тұрғындарды қауіптің алдын алуға, болдырмауға дағдыландыру. Үнемі ақпараттандырып, апатты жағдайлардың, дала, орман, үй өрттерінен сақтануды ескертіп жатады. Сонымен бірге аптап ыстықтың денсаулыққа да зиян екенін ескерген жөн.

Аптап ыстықта адамның дене температурасы 37,1ºС-ден жоғары немесе 38,8ºС болады. Бұл денсаулыққа қауіпті. Адамның жылулық шекті күйі ұзақ уақыт бойғы және қатты ысу кезінде пайда болады, нәтижесінде күн өтіп, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Адамның ысып кетуі мынадай белгілерден байқалады: терінің қызаруы, кілегей қабықшаларының құрғауы, шөл. Адам есінен танып, тынысы тарылып, жүрегі тоқтауы мүмкін.

Жаздыгүні аяқ астынан дене қызуы көтеріліп, жүрек айнып, құса бастаса «ағзама жақпайтын тағам жеп қойған болармын» деп ойлайды көпшілік. Күн ыстықта тағамды да талғап жеген дұрыс. Бірақ аурудың күн өтіп кеткеннен пайда болғанын көбіміз пайымдай бермейміз. Күннің көзі жақсы-ау.  Дегенмен кейде күн көзі қатты ысып кетіп, қорғанудың амалын жасамасақ – денсаулыққа зиян  келтіреді. Осы орайда төтенше жағдайлар қызметкерлері шілденің аптап ыстығынан қорғану үшін тұрғындарға төмендегі кеңестерін ұсынады:

Адамдарға аса қажеттілік туындамаса далаға шықпау керек.

  Далаға шығу үшін 10.00-ге дейінгі немесе кешкі 17.00-ден асқан уақытты таңдаған дұрыс.

 Ең жоғары температура 11.00 -17.00 аралығында болады. 

Сондай-ақ көбірек су ішу керектігін айтады.

 Майлы тамақ, ішімдіктер мен қою шай, кофе, газдалған сусындардан бас тарту керек.

 
Аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тарту керектігін де ескертеді. Күн  өтпеу үшін бас киім мен жаздық қолшатыр ұстап,  ауа өткізетін ашық түсті жеңіл, кең  киім киген жөн дейді.  Аптап ыстық жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, инфаркт, инсульт қаупі бар адамдарға ерекше қауіп төндіреді. Сондай-ақ жас балаларды да күн ыстықта  далаға шығарудың қажеті жоқ. Салқын суға түсіп, ыстықтың беті қайтқанша көлеңкеден, ғимараттан, үйден шықпаған дұрыс. 

А.ЗАМАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған