ЖЫЛДЫҢ БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

26 қаңтар күні Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрғали Сырлыбайұлы Жүнісовтың төрағалығымен 2022 жылғы қызметтік жұмыстың қорытындылары, сондай-ақ 2023 жылға арналған басым міндеттері туралы жедел кеңес өтті. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын басында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Жедел кеңесте 2 сұрақ қаралды.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мекемелерінің 2022 жылғы 12 айындағы жедел-қызметтік жұмысын қорытындылау және қызметкерлер арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы мәселелер қаралды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарын жүргізуге 849 рет шығу жүзеге асырылды. Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары кезінде 166 адам құтқарылып, 158 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндіру қызметінің автопаркі мен құрал-жарақтары толықтырылғаны жөнінде Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы а.қ. подполковнигі Д.Таубаев атап өтті.
Жедел кеңесте Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, а.қ. подполковнигі А.Тулепбергенов, Азаматтық қорғау басқармасының бастығы, подполковник Қ.Қарабалаев жыл бойындағы атқарылған жұмыстары туралы қорытындылап, баяндады.
«Өрт сөндіру қызметінің 2022 жылғы қызметінің нәтижелері және 2023 жылға арналған алға қойылған мақсаттары туралы» Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, а.қ. подполковнигі Д.Таубаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, «2022 жылғы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы» КСБ бастығы, а.қ. подполковнигі Б.Турекулов баяндады.
Жиын соңында Департамент бастығы жылды қорытындылап, төтенше жағдайларды алдын алу, жою жөніндегі жұмыстарды одан әрі жандандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 2023 жылға арналған нақты тапсырмалар мен міндеттемелер талқыланып, алға қойылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған