ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫН ҮЗІП АЛМАЙЫҚ!

Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығына қарамастан, аталған үрдістер азаматтарымызға әсерін тигізбей қойған жоқ. Радикалды ағымдардың мақсаты дін мен дәстүрдің сабақтастығын үзуді, дәстүрлі рухани құндылықтарды жоққа шығаруды, еліміздегі зайырлылық қағидаттарына теріс көзқарас қалыптастыруды көздейтіні айтпаса да түсінікті. Осы таңда деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу – дін саласындағы уәкілетті органның басты назарынан тыс қалмақ емес.

Діни экстремизмнің қауіп-қатері мен оның Қазақстанда таралуына идеологиялық тұрғыдан қарсы тұруда, жас ұрпақты ұлттық дәстүр мен патриоттық сезімге тәрбиелеуде қоғамның орны ерекше. Отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі болса, өнегелі отбасынан тәрбие алып шыққан парасатты ұрпақ – еліміздің ертеңі. Мемлекетіміздің еңселі, отбасымыздың берекелі болуы қайырымды, иманды, адами қасиеттері жоғары деңгейдегі ұрпақтың қалыптасуына тікелей байланысты, сондықтан, аталарымыздан келе жатқан ұлттық асыл құндылықтарымызды солардың санасына өшпестей етіп сіңіру – мақсатымыз.

Осы мақсатта «Аманат» партиясының және Түркістан облысы төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесе жұмыс атқаруда.

Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Шардара ауданы «Аманат» партиясының қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерімен қауіпсіздігін сақтау және жеке құрам арасында өз-өзіне қол жұмсамау, діни экстремизм және терроризмге бет бұруды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осы бағыттағы іс-шара Сауран ауданында да өтті. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №24 өрт сөндіру бөлімінің және Сауран аудандық «Аманат» партиясы, Сауран аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы, Сауран аудандық полиция бөлімі, Сауран ауданының «Дербісәлі» мешітінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол қауіпсіздік ережелері, декларация тапсыру, дәстүрлі діни және теріс ағымдар тақырыбында ортаға сұрақтар қойылып, талқыланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған