ДАУЫС БЕРУ СӘТІ ШАҒЫН КОНЦЕРТКЕ ҰЛАСТЫ

Арыс қаласы «№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан №7 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысы қызықты өтуде.

Атап айтқанда, мектеп оқушылары жасаған қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды. Өз таңдауын жасаған азаматтар көрмені тамашалап, оқушылар туындысын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, дауыс беруге келген өнерпаздар ән салып, әжелер қауымы би билеп, мектеп ауласы шағын концерттік бағдарламаға ұласты. Назарларыңызға бір қызықты сәтің көріністерін ұсынамыз.

Айта кетейік, №7 сайлау учаскесіндегі 1 155 дауыс беруші азамат тіркелген. Ал жалпы қала бойынша 34 сайлау учаскесінде 44 349 азамат өз таңдауын жасайды деп жоспарланған.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған