«СОЗАҚ СЕРІЛЕРІ» ТОБЫНЫҢ ЖІГІТТЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Еліміздің болашағы үшін «Созақ серілері» тобының жігіттері өз таңдауларын жасады. Бұл топ, ән мен музыканы түрлі аспаптарда қазақы нақышта орындаушылардың шебері, нағыз қазіргі заманның серілері.
Бүгінде топтың құрамындағы жігіттерді атап айтар болсақ, Роман Сабырұлы – Шолаққорған ауылында дүниеге келген. «Мыңжылқы» мәдениет үйінің дыбыс режиссері.
Абай Төлегенұлы – Жартытөбе ауылында дүниеге келген.
Әнші, асаба, Ерғали Шайқалиұлы – Қарақұр ауылында дүниеге келген. «Қарақұр» жалпы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі.
Самат Болатұлы – Құмкент ауылында дүниеге келген. «Казатомөнеркәсіп СП «КАТКО» өндіріс орынында көлік жүргізуші.
Елдос Бердіқұлұлы – Құмкент ауылында дүниеге келген. Құмкент ауылдық мәдениет үйінің әдіскері.
Еркебұлан Шәріпбекұлы – Шолаққорған ауылында дүниеге келген. А.Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің сахна қызметшісі.
Абылай Бегалыұлы – Созақ ауылында дүниеге келген. Созақ ауылдық мәдениет үйінің дыбыс операторы.
ЖандосЖомартұлы – Таукент кентінде дүниеге келген. «Казатомпром Сауран» өндіріс компаниясында инженер геолог.
ҚұрмашНұрманұлы – Аққолтық ауылында дүниеге келген. Аудандық «Созақүні» газетінің тілшісі.
Жандар Бекбергенұлы – Аққолтық ауылында дүниеге келген.
Талғат Бақтиярұлы – Қарақұр ауылында дүниеге келген. Қарақұр ауылдық мәдениет үйінің директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған