ЖОМАРТ ЕРТАЕВ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНА ҚАМАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсы хабарлады.

Оған өткен жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланған.

Ж. Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд. теңгесін жымқырды деген күдік келтірілген.

Сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен банктің қатардағы жұмысшылары – бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріповтер күдіктілердің ішінде.

Тергеу барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 млрд. теңге өтеліп, 48 млрд. теңге мүлікке тыйым салынған.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Ж. Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Фото: vlast.kz

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған