ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЙЛЫ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

2019 жылдың 19 наурызы күні сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы 2019 жылғы өзгерістер» тақырыбында «Ашық есік» күні өтеді.

Іс-шараға қатысушылар жыл басынан бері болған барлық өзгерістер туралы ақпарат алып, өздерін толғандырған сауалдар бойынша кеңес ала алады.

«Ашық есік» күнінде мынадай мәселелер бойынша кеңес беріледі:

— жеке зейнетақы жинағын автоматты түрде ашу;

— азаматтық-құқықтық келісім-шарттар бойынша жұмыс немесе қызмет көрсететін жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарнасын төлеу рәсімін жеңілдету, мынадай өзгерістер енгізілген;

— Бірыңғай жиынтық төлем енгізу;

— зейнетақы төлемін бекітілген кесте бойынша есептеу;

— зейнетақы төлеуге өтініш жазу.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын Шымкент қаласы, Бәйдібек би көшесі, 45-үйде күтеді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған