НАЙБ МҮФТИ ШЫМКЕНТКЕ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ

Бүгін ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, Наиб мүфти  Алау Әділбаев Шымкент қаласына ресми сапармен келді. Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми шара аясында Наиб мүфти  Алау Әділбаев Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қарилар дайындау орталығына барды. Ондағы мақсат – діни басқармаға қарасты діни оқу орындарының жағдайы мен оқу базасының әлеуметін көтеру, білікті ұстаздар мәселелерімен танысу болатын.

Кездесу аясында оқу орнының директоры Ықылас Майланның атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы есебі тыңдалды. Жалпы, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ерлер бөлімінде 85, ал қыздар бөлімінде 100 шәкірт Құран жаттап, тәлім алуда. Осы шәкірттерге білікті 10 қари ұстаз қызмет етуде. Шәкірттерге толық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, кездесу аясында Наиб мүфти  Алау Шайқымұлы аталмыш орталықтың шәкірттеріне ағалық кеңесін беріп, тәлім-тәрбие туралы дәріс оқыды.

Жалпы, Наиб мүфти  Алау Шайқымұлы аталмыш орталықтың ер және қыз балаларға арналған бөлімдерін толық аралап, танысты. Сонымен қатар орталықтың бүгінгі таңдағы жұмысына оң бағасын беріп, одан әрі жетілдіріп дамыту жөнінде тапсырма берді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған