ӘЖЕЛЕРГЕ РЕФЕРЕНДУМ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, республикалық референдум өткізу жөніндегі Түркістан облыстың қоғамдық штабының мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының жанындағы «Әжелер алқасының» мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуде осы жылдың 5 маусымында өтетін Республикалық референдумда қаралатын мәселе – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар сөз болды. Қоғамдық бірлестік басшысы конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіре келіп, жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып Республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды. «Әжелер алқасының» мүшелері өз тараптарынан еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған