ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 84%-Ы РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ИДЕЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ағымдағы жылғы 24-29 мамыр аралығында алдағы референдум мәселелері бойынша кезекті онлайн-сауалнама өткізді.

Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша:

✅ Қазақстандықтардың 83,92%-ы Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Бұл биыл мамыр айының ортасында ОКҚ жүргізген алдыңғы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық.

✅ 86,86%-ы дауыс беру ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8%-ға артқан.

✅ 76,51%-ы дауыс беруге қатысуға ниетті.

79,10%-ы ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды.

✅ Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары – 80,04%-ы Президент Қ.К. Тоқаевтың реформаларын жақтайды.

Айта кетейік, әлеуметтік сауалнама еліміздің 17 өңірінде 18-ге толған  және одан ересек  1200 қазақстандық арасында жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған