АУЫЛДАРДЫ ТАЗАРТУҒА ЕРІКТІЛЕР АТСАЛЫСУДА

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында нөсер жауыннан 11 елді мекендегі үйлер мен қора-қопсыларға су кірген болатын. Нәтижесінде, 1 коммерциялық нысанды су басып, 1 үй мен 30-ға жуық қора-қопсы құлап, үй аулалары лай-батпақтарға толған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Айта кетерлігі, өңірдегі ерікті жастар алғашқы күннен бастап көмек қолын созуға ұмтылды. Ел басына күн туған сәтте етігімен су кешіп, тазалық жұмыстарына белсене араласқан жастарға жергілікті тұрғындар өз алғыстарын білдірді.

Табиғи апат салдарымен күрескен төтеншеліктерден бөлек, 5 ауданнан және облыс әкімдігінің 5 басқармасынан 887 адам, 58 техника жұмылдырылған. Оның ішінде, 320-ға жуық ерікті селден құлаған, зақым келген қора-қопсыларға және тұрғын үй мен аулаларды тазалау жұмыстарына көмек көрсетті.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған