АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ НЕГЕ БАҒЫНБАЙ ТҰР?

Азық-түлік бағасының өсуінің негізгі себебі болған ішкі факторлар туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков айтып берді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

2019 жылы Қазақстанда жақсы егін жиналды және сырттан, әсіресе Ресей тарапынан сұраныс жоғары болды. 2020 жылы отандық фермерлер қырыққабатты көп отырғызды, бірақ пандемияға байланысты егістіктерде көптеген өнім жиналмай қалды. 2021 жылы фермерлер қырыққабатты азырақ отырғызды, ал ресейлік желілер мен жеткізушілер тарапынан сұраныс артты, осылайша баға сәйкесінше өсті.

Бағаның өсу себебі қазіргі уақытта маусымдық фактор болып табылады, бұл сақтау шығындарының өсуіне және қорлардың азаюына байланысты, сонымен қатар қазіргі уақытта жаңа піскен өнімдер Өзбекстан мен Пәкістаннан келді, бұл да бағаның өсуіне негіз болып табылады.

– Құрғақшылық салдарынан азықтың қымбаттауы – сиыр еті, тауық еті, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуіне себеп болып отыр. 2021 жылы жанар-жағар майға акциздердің артуы азық-түліктің өсу себептерінің бірі болды, коммуналдық қызметтер тарифтерінің шамалы өсуі, шикізат, тыңайтқыштар, ветеринариялық препараттар бағасының өсуі логистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне де әсер етеді. Қаңтар айындағы оқиғалар өнім бағасының өсуіне белгілі бір үлес қосты. Қазіргі уақытта қант бағасының өсуі Украинадағы оқиғаларға байланысты әлемдегі геосаяси жағдайға және Ресей Федерациясынан қант экспортына тыйым салуға байланысты. Ресей қанттың негізгі жеткізушісі болды, біз 58% импорттадық, – деп атап өтті Айдар Әбілдабеков.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған