ТӨЛЕБИДЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Төлеби ауданында балық шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Осы бағыттағы ірі жобалардың бірі – «FISH HOUSE» ЖШС. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов кәсіпорынға арнайы барып, оның өндірістік қызметімен танысты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Киелітас ауылдық округінде орналасқан нысанды аралау барысында аудан басшысы балық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, саланың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Аталған жобаның жалпы инвестициялық құны 500 млн теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 450 тонна балық өсіруге мүмкіндік береді. Жоба аясында 25 жаңа жұмыс орны құрылған. Қазіргі таңда серіктестік сазан шабағы мен бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен айналысуда. Сапар барысында жеке кәсіпкер Нұртас Шағыров шаруашылықтың алдағы жоспарлары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, кәсіпорында сазан балығын уылдырық арқылы көбейту және арнайы тоғандарда бекіре тұқымдас балықтарды өсіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бекіре балығын өсіру үшін таза су мен тұрақты бақылау қамтамасыз етілген.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды