НЕГІЗГІ МАҚСАТ РЕТІНДЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫС ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ҚОЙЫЛУДА

«Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» – Қазақстан Үкіметі қабылдаған кешенді әлеуметтік-экономикалық құжат. Ол халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, тұрақты табыс көздерін қалыптастыру және кедейлікті азайту мақсатында жүзеге асырылады.

Қала мен ауыл тұрғындарының табыс құрылымындағы басты айырмашылық – еңбек қызметінің сипатында. Қала халқының табысы 65,6% жалдау жұмысынан түскен табыстардан және 7,4% жалдамалы емес жұмыстан (яғни, өз бетінше жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардан) түскен табыстардан құралады. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі 60,8% жалдамалы жұмыстан түсетін табыстан және 13,7% жалдамалы емес жұмыстан түскен табыстан тұрады (2022 жылғы 3 тоқсан бойынша деректер). Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс үлесі салмағының неғұрлым жоғары болуы қала тұрғындарына қарағанда, ауылдық жерлерге тән.

Сондай-ақ, кедейшілік мәселесі мынадай мәселелермен күрделене түседі:

Теңсіздіктің өсуі. Теңсіздіктің өсуі мен орташа және медиандық жалақы арасындағы алшақтықтың артуы байқалады, ол 1,5 есені құрап отыр (ЭЫДҰ елдерінде алшақтық 1,13-ті құрайды).

Халық табысының тең бөлінбеу үрдісі бар. Үй қожалықтарының нақты табысының төмендеуі табыс деңгейі ең төмен топтарға әсерін тигізіп, табысы жоғары топтарға мүлдем әсер етпеген. Табысты квинтилдік топтар бойынша бөлу 5-ші кірістер тобының (табысы жоғары халық) жалпы табыс жиынтығы үлесінің ұлғаюы есебінен 2-ші, 3-ші квинтилдік топ табысының үлесі азайғанын көрсетеді, бұл халықтың кірістер топтары арасындағы табысты бөлуде салыстырмалы мәнде теңсіздіктің бар екенін білдіреді. 2022 жылғы 3-тоқсанда табысы ең жоғары 20% халықта (3,8 млн адам бай адам) 39,0%-ға дейінгі табыс (2010 жылы – 37,94%), табысы ең төмен 20% халықта (3,8 млн. халықтың кедей тобы) табыстың 9,91%-ы (2010 жылы – 9,43%) шоғырланған. Халықтың қалған 60%-на жалпы табыстың 51,1% келеді. Жұмыс істейтін кедейлердің өсуі (жалдамалы жұмысшылар арасындағы кедейшілік). Халық табысының құрылымын талдау соңғы 10 жылда халықтың еңбек табысының үлесі 7,3 пайыздық тармаққа төмендегенін көрсетіп отыр (2010 жылғы 71,3%-дан 2022 жылғы үшінші тоқсанда 64%-ға дейін), ал әлеуметтік трансферттердің үлесі 7,2 пайыздық тармаққа өскен. 2015 жылдан бастап әлеуметтік трансферттердің өсуі (5,9 пайыздық тармаққа 22,5% дейін) мемлекет бюджетіне жүктемені күшейтетінін, бұл барлық қажеттіліктерді жабу әлеуетіне қауіп төндіретінін атап өткен жөн.

Өнімсіз жұмыспен қамтудың жоғары үлесі. Бүгінде жұмыс істейтін халықтың едәуір бөлігі (4,9 млн. адам) өнімділігі төмен еңбекпен айналысады және табысы төмен. Бұл ретте 3 млн жалдамалы жұмыскер жалақысы аз, өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді. Бұл экономикада жоғары деңгейдегі дағдыларды талап етпейтін жұмыс орындарының құрылуымен түсіндіріледі, мұның өзі өнімділік пен еңбекақы төлеуге әсерін тигізеді. Оның себебі табыстың өсуінде айтарлықтай әлеуеті бар өңдеу өнеркәсібінің, әсіресе жоғары технологиялық кәсіпорындардың (жоғары өнімдерді шығаратын) нашар дамуында болып отыр. Осыған байланысты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, оның ішінде өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру арқылы жұмыс күші дағдыларын арттыру талап етіледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы кедейшілік. Азаматтардың басым бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтудан жеткілікті табыс ала алмай отыр. 2022 жылғы 3-тоқсанда Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,1 млн-нан астам адамы бар, олардың 49,5%-ы айына 100 мың теңгеден аз табыс табады, 3,4%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Экономиканың өнімділігі төмен салаларында жұмыспен қамтудың басым болуы. Қазақстанның жұмыспен қамту құрылымын қарастыра келе, 2022 жылғы үшінші тоқсанда 5,6 млн. адам немесе жұмыс істейтін халықтың 64,1%-ы өнімділігі төмен еңбекпен айналысқанын атап өткен жөн. Бұл ретте 3,9 млн. жалдамалы жұмыскер жалақысы аз, өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді.

Тұтастай алғанда, нақты табыстың тұрақты өспеуі, еңбек табысының салыстырмалы түрде төмен болуы, өзін-өзі жұмыспен қамтудың жоғары болуы және халықтың кетуі болашақта нақты табыстың өсуі жөніндегі мақсаттарға қол жеткізбеу тәуекелдері болмақ.

Бұл бағдарлама қазақстандық азаматқа, оның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Негізгі мақсат ретінде азаматтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының табыс деңгейін арттыру қойылуда.

Бағдарлама бюджет пен кәсіпорындар есебінен жалақыны тікелей арттыруға ғана емес, сонымен қатар адами капиталды дамытуға, кәсіби дағдыларды арттыруға, еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алатын орта және ірі кәсіпорындардың жалақыны арттыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тиімділік пен атаулылықты арттыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың проактивті форматының тетігі енгізілуде.

Әзірленген шаралар әрбір өңірде және әрбір азамат үшін әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке секторды тартуды жандандыруға, сондай-ақ мониторингті жақсартуға, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Жоғарыда келтірілген талдауды ескере отырып, «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірленді.

Кешенді жоспарды іске асыру мынадай 5 бағыт бойынша іс-шараларды қамтиды:

1) өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру;

2) «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру;

3) табыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау шаралары;

4) бюджеттен төленетін жалақыны арттыру жөніндегі міндеттемелер;

5) халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2029 жылға дейін 3,3 млн-нан астам адам, оның ішінде 2,3 млн. жастар жұмысқа орнатылады, ЖІӨ-дегі еңбекақы төлеу үлесі 41,1%-ға дейін ұлғаяды (30,1%-дан), кедейшілік деңгейі 5%-ға дейін (5,3%-дан), жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға (4,9%-дан) дейін төмендейді.

ӨҢІРЛІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КАРТАЛАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНДА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ

Күтілетін нәтиже:

947,7 мың адамды жұмысқа орналастыру, оның ішінде:

1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберіндегі іс-шараларды орындау арқылы – 107 мың; электрондық еңбек биржасы шеңберінде бос жұмыс орындары арқылы – 320,4 мың; қалалық және аудандық деңгейге дейінгі жеке бастамалар шеңберінде жұмыс орындарын құру арқылы – 341,8 мың; субсидияланатын жұмыс орындары арқылы – 152 мың;

2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды қамтамасыз ету арқылы: халықтың әлеуметтік осал топтарын 9 мың грантпен қамтамасыз ету; жастар үшін жылдық 2,5%-бен 5,8 мың жеңілдікті микрокредитпен қамтамасыз ету; «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде 11,7 мың кредитпен қамтамасыз ету.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды