РЕФЕРЕНДУМ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАДАМНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

        Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы хабарлады.

        Аталған кездесуде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, референдум қоғам арасында қызу талқыланып жатқандығын, Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі екендігін атап өтті. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың көрсеткіші екендігін айта келе, өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата Заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған