ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ШАХМАТ КЕРУЕНІНІҢ» ГРАНД-ФИНАЛЫ ӨТІП ЖАТЫР

Еліміздің түкпір-түкпірін аралаған «Шахмат керуені» жобасы Түркістанда түйінделмек. Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты – шахматты ел арасында кеңінен насихаттау. Бүгінгі дүбірлі доданың ашылуында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Киелі Түркістанға қош келдіңіздер! Бүгін жүзден жүйрік анықталатын тартысты жарыс болмақ. Жеңімпаз еліміздің абыройын әлемдік деңгейде қорғайтын болады. Ендеше барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Бейсен Дәулетұлы.
Аталған гранд-финалға еліміздің 18 аймағынан 60 ойыншы бақ сынауда. Жеңімпаздарға берілетін жалпы жүлде қоры 16 миллион теңге. Бүгінде ҚР Шахмат федерациясының әр өңірде филиалдары ашылып, басшылары тағайындалған. Алдағы уақытта әрбір облыс-қалаларда шахмат спортына қолдау едәуір артпақ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған