ТҮРКІСТАН БОКСШЫЛАРЫ «ELORDA CUP» ТУРНИРІНЕН ҮШ АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Астанада бокстан «Еlorda cup» халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі сында облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің талантты спортшылары өңір намысын жоғары дәрежеде қорғады.

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы түркістандық Сәкен Бибосынов 51 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. 86 келі салмақ дәрежесінде Абзал Құттыбеков те жеңістің шыңынан көрінді. Болашағынан мол күттірген облысымыздың дарынды боксшысы Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақ дәрежесінде бас жүлдені жеңіп алды. Рингке жасындай жарқылдаған 67 келідегі салмақ дәрежесінде Темірхан Тезек қола жүлдегер атанды.

ТҮРКІСТАН БОКСШЫЛАРЫ «ELORDA CUP» ТУРНИРІНЕН ҮШ АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Жетістікті жоғары бағалаған Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов жеңімпаз және жүлдегер боксшыларға алғыс білдірді. Енді қыркүйек айында Қытайдың Ханчжоу қаласында кезекті Азия ойындары өтеді. Сары құрлық елдерінің ең мықты боксшылары бас қосатын додада олимпиаданың лицензиясы сарапқа салынады. Одан кейін келер жылы Париж олимпиада ойындары күтіп тұр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған