АРЫСТА БІР АЙ БОЙЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Арыста Әлеуметтік дүкен аумағында бір айға созылатын азық-түлік жәрмеңкесі басталды. Мұнда бағасы нарықтан әлдеқайда төмен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сатылуда.

Мысалы, мұнда өсімдік майы (5 литр) 2450 тг, макарон өнімдері (5 кг) – 1750 тг, картоп сұрыптарына қарай килосы – 110, 120,180 тг, ұнның қабы (50 кг) – 12600 тг, пияз (сұрыпына қарай) – 60, 65, 70 теңгеден сатылуда.

Қала кәсіпкері Айтбай Алтаевтың айтуынша, алдағы уақытта сатып алушылардың өтінішімен тауар түрлері көбейеді деп күтілуде.

Осылайша, жергілікті кәсіпкерлердің тұрғындарды қолжетімді бағада азық-түлікпен қамту саясатын ұстануы арқылы бағаның тұрақтануына септігін тигізуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған