РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА КЕЛЕСТЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданындағы Қошқарата ауылында Республика күні қарсаңында мәдениет үйі ашылды. Тұрғындар көптен күткен мәдениет ошағы Ұлттық қор есебінен салынған. Жалпы 150 орындық клуб және кітапхана құрылысы өткен жылы басталып, биыл мереке қарсаңында ел игіліне тапсырылып отыр. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Мәдени нысанның ашылу салтанатында аудандық өнерпаздар мен оқушылар концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер шырқалды. Мәдениет үйінде кітапхана, түрлі үйірмелер, үлкен көрермен залы бар. Алдағы уақытта ауыл мәдениеті үшін қызмет көрсететін болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған