ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ГАСТРО-ФЕСТИВАЛІ – ТҮРКІСТАНДА

Түркістан қаласында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN – 2022» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль басталды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау, туристер үшін еліміздің қонақжайлығын көрсету. Аталған іс-шараны, Түркістан облысының Туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырып отыр.

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ГАСТРО-ФЕСТИВАЛІ – ТҮРКІСТАНДА

Фестиваль аясында қаланың үздік мейрамханалары мен дәмханалары ұлттық тағамдар мен стрит-фуд дәмділерін әзірлемек. Сағат 16:00-де марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда.

Ұлттық тағамдарды ұлықтаған шара концерттік бағдарламалар мен қызықты ойындарға ұласпақ. Шара аясында жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспаздардың шеберлік сыныптары және тағы басқа думанды іс-шаралар өтеді.

Думанды шара кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған