ЭКСПОРТТЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНЕ ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗ

TURKISTAN INVEST Alibaba халықаралық электрондық платформасына шығару үшін кәсіпкерлерді іріктеу басталғаны туралы хабарлайды.

Экспорттаушыларды қолдау шаралары ретінде 70 отандық компанияға осы платформада 1 жыл мерзімге «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунт беріледі. Арнайы өнім берушінің мәртебесі кәсіпкерлерге жаһандық аудиторияға қол жеткізуге және тауарлардың шетелде танылуын арттыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама шеңберінде платформада жұмыс істеу және тауарларды жылжыту бойынша оқыту, өнімді экспорттау кезінде толық сервистік қызмет көрсету және сүйемелдеу көзделген.

Бағдарлама туралы:

Өтініш беру үшін сілтеме бойынша өту керек:

https://forms.gle/9XGGUzKYZBhSRQHv6

Бағдарламаға қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан 24 ақпанына дейін қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша сіз TURKISTAN INVEST жобаларды сүйемелдеу және экспортты дамыту бөліміне жүгіне аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған