ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР 20 МЕКТЕПТІҢ АСХАНАСЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАРДЫ ТАРТУ ЕТТІ

Түркістан облысында жүрегі жомарт азаматтар тарапынан жергілікті тұрғындарға әрқашан қолдау көрсетіліп тұрады. Солардың бірі – шардаралық кәсіпкер Данияр Омаров. Ол отбасы атынан аудандағы 20 мектептің асханасына қажетті жабдықтарды тарту етті.
Атап айтқанда, кәсіпкер ауыл мектептерінің сұранысына қарай, тоңазтқыш, су жылытқыш, желдеткіш, қол жууға арналған қазандықтар және басқа бірқатар мектеп асханасына қажетті жабдықтарды үлестірілді. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1500 балаға мектепке қажетті заттарды алып берген.

ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР 20 МЕКТЕПТІҢ АСХАНАСЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАРДЫ ТАРТУ ЕТТІ

Бүгін білім ұяларына заттарды тапсыру үшін жиналған басқосуда Шардара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Нұсқабаева бүкіл мектеп ұжымының атынан демеушіге алғыс білдіріп, жұмысына табыс тіледі. Данияр Омаров алдағы уақытта да мүмкіндігінше көмек көрсетіп отыратынын жеткізді.
– Мен бұл жасаған қайырымдылық ісімді мақтану үшін емес, үлгі ретінде көрсеткім келді. Мектептерде ыстық тамақпен қамтылып отырған біздің жас бүлдіршіндерімізге қолайлы жағдай жасап, олдардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау әрқайсысымыздың міндетіміз деп білемін. Маған бүлдіршіндердің шынайы күлкісі мен елдің ыстық ықыласы маңызды. Алдағы уақытта да қолымыздан келгенше көмектесіп отыруға дайынбыз, – деді кәсіпкер.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Шардара ауданы бойынша бастауыш сыныпта оқитын 8181 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған