ТҰТЫНУШЫ ТАУАРҒА БАСТАПҚЫДА КӨҢІЛ АУДАРМАҒАН БОЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Егер сіз тауарды сатып алғаннан кейін қандай да бір кемшілік немесе тауар бастапқыда бүлінген болып, бірақ сіз оған бірден көңіл аудармаған болсаңыз не істеу керек?

Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:

  • сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
  • тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;
  • тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
  • соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;
  • сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;
  • шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. Ауыстыру Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ҚОРҒАЛУЫНА ҚҰҚЫҒЫ

Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар, сот және төрелік өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.

Егер сатушы сізге тауарды қайтару/айырбастаудан бас тартатын болса не істеу керек?

  1. Сіз сатушыға (дайындаушыға) ресми сотқа дейінгі талабыңызды қоя аласыз.
  2. Егер сатушы (дайындаушы) күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе Сіз сотқа жүгінуге құқылысыз.
  3. Талап етілетін жер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестікке жүгінуге не «ыстық желі» телефоны бойынша кеңес алуға.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мекен-жайы және телефоны:

Түркістан облысы (индекс 161200), Түркістан қаласы, Байзақова көшесі 7. Байланыс телефоны: 8 (7253)34-25-69.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған