АӘК ҚҰЖАТТАРЫ 5 МЕКЕН-ЖАЙДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталған АӘК-тің  (атаулы әлеуметтік көмек) жаңа форматын түсіндіру мақсатында қала әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Брифингте жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке өтініштердің қалай қабылданатыны айтылды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында АӘК-ке құжаттар 8 қаңтардан бастап 5 мекен-жайда қабылданады.

Олар:
1. Бәйтереков көшесі, 89. Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты;

2. Бәйдібек би даңғылы, 60. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимараты;

3. Тыныбаев көшесі, 49. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты;

4. Тәуке хан даңғылы 3, Абай ауданы әкімі аппаратының ғимараты;

5. Толстой көшесі, 119. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ғимараты.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған