БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТІГІН ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тігін цехы іске қосылды. Шағын кәсіпорын көрпе-жастықтан бастап, медициналық киімдер, шапан және қыз жасауын тігеді.

Онда 7 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Цехтың ашылу салтанатында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев пен облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Сылқымбек Спабеков құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерге сәттілік тіледі.
Бұл Бәйдібек ауданында тігін ісі бойынша жалғыз өндіріс орны. Кәсіп иесі Элеонора Ағабекқызы конақтарды цехтың жұмысымен таныстырды. Ол «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз 5 млн. теңге грантты жеңіп алған. Алдағы уақытта қой жүнін өңдеп кәдеге жаратуды көздеп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған