АРЫСТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ӨНІМДЕР ШЫҒАРЫП ЖАТЫР

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Арыс қаласына сапары аясында «Mega-Agat» ЖШС-де болды. Бірнеше ауқымды жобаны сәтті жүзеге асырып жүрген серіктестік тағы екі ерекше жобаны бастады. Біріншісі – пластикалық құбырларға фитинг өндіру цехі. Серіктестіктің артықшылығы – барлық өңдеу саласында әлемнің ең озық технологияларын пайдаланады.

АРЫСТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ӨНІМДЕР ШЫҒАРЫП ЖАТЫР

Мұнда шығатын өнім пластиктен жасалады. Арыста өндірілетін жаңа отандық өнімнің сапасы өте жоғары. Ең бастысы, аталған жоба импортты алмастыру секілді мемлекеттік маңызы бар іске септігін тигізбек.
Бүгінгі таңда, өндіріс орны тәулігіне 1500 дана өнім шығарады. Арыстық компания алдағы уақытта өз өнімдерімен тек өңірдің ішкі қажеттілігін өтеп қана қоймай, алыс-жақын облыстар мен шет елдерге жеткізуді жоспарлап отыр. Жобаны іске асыруға инвестор 100 млн. теңге жұмсаған. Оның аясында 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Mega-Agat» серіктестігінің екінші жобасы – жылы еденге арналған пластикалық құбырлар (шлангі) шығару. Облыс көлемінде тұңғыш рет жүзеге асырылып жатқан жоба құны 100 млн. теңгені құрайды. Мұнда барлық негізгі жұмыстарды шет елден әкелінген арнайы құрылғылар атқарады. Өндірілетін өнім стандарттық талапқа сай суыққа төзімді полиэтиленнен жасалады. Зауыт тәулігіне 2000 шаршы метр өнім шығарады. Бүгінде жергілікті 6 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Өңір басшысы кәсіпорындарды көбейту бағытындағы жұмысты күшйетуді тапсырды.
– Облысты дамытудың басым бағыты – кәсіпорындар ашу. Жергілікті әкімдіктер кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуі тиіс. Оны үнемі айтып жүрмін. Елімізді қамтып қана қоймай, шетелге өнім экспорттау арқылы экономика көтеріледі, – деген Дархан Сатыбалды осындай жобаларды көбейту керектігін айтты.

Арыс қаласында полиэтилен пакет шығаратын цех іске қосылған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ADM HOLDING» өндіріс орнының жұмысымен танысты.
Полиэтилен пакетін шығаратын цехта жаңадан 10 жаңа жұмыс орны ашылған. Жылдық қуаттылығы 1 200 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Зауыт құрылысы мен жаңа аппараттарды сатып алуға кәсіпкер 100 млн. теңге инвестиция жұмсаған.
Мұнда екі түрлі қаптамадағы пакет шығарылады. Өнімдер Арыс қаласынан бөлек, облысқа қарасты аудан-қалалаларға жөнелтілуде. Кәсіпкердің айтуынша негізгі тапсырыс берушілер – дәріхана желілері мен бренд маркалы түрлі тауар өндірушілер. Себебі, цех тапсырыс берушінің қолайына орай пакет жақтамасына бренд атауын жазып беру қызметін де ұсынады.
Өңір басшысы серіктестік жұмыстарымен танысып, қалаға тартылып жатқан инвестицияларға оң баға берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған